logo

Еділ Оразбек: Әсерлі жекпе-жек өткізгім келеді

Еділ Оразбек: Әсерлі жекпе-жек өткізгім келеді

Қытай қазағы Еділ Оразбек Sport+ арнасына берген сұхбатында алдағы NAIZA 76 турниріндегі жекпе-жекке қатысты жоспарларын бөлісті.

«Мен жарқын, әсерлі жекпе-жек өткізіп, жанкүйерлерімізді қуантқым келеді. Осы жекпе-жектен кейін спорттық мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, үлкен бір тосынсый дайындап жүрмін, турнирге келіңіздер, сіздер соның куәсі боласыздар», — деді ол.

23 тамызда Алматыда өтетін турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі