logo

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Grand Slam финалына шықты

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Grand Slam финалына шықты

Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam сериясының халықаралық турнирі басталды. Алғашқы жарыс күні татамиге төрт қазақстандық спортшы шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңіп, алтын жүлде үшін әзірбайжандық Туран Байрамовпен белдесетін болды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда израильдік Ицхак Ашпизге есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.

Бұл күні Мағжан Шамшадин (60 кг дейін) мен Ақылжан Жұбатқанов (66 кг дейін) финалдық кезеңге өте алмады.



Күн шежіресі