Дзюдошы Ғабит Расулхан кадеттер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Дзюдошы Ғабит Расулхан кадеттер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғабит Расулхан финалда канадалық Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Күміс жүлдеге 50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет ие болды.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Құдайберген мен 60 келіге дейінгі салмақта Ахмет Баубек қола жүлдегер атанды.