Джаватов Бекболаттан жеңілгені туралы: Маған соңына дейін жұдырықтасуға мүмкіндік бергенде, менің қолымды көтерер еді
Ильямин Джаватов Алматыда өткен Alash Pride турнирінде Рауан Бекболаттан жеңілгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Мен ешқашан оңай жол іздеген емеспін. Қандай жағдай болмасын жұдырықтасып жүрмін. 65 келі салмақта шықтым, салмағым жетпеді, бірақ маған бәрібір, тіпті кинг-конг болса да, мен бәрібір шығып жұдырықтасамын. Жекпе-жекте Рауан маған беріл деп айтты, өзін тым мықты деп ойлады ма, камазбен үстімнен өтті ме, не үшін берілуім керек екен. Маған соңына дейін жұдырықтасуға мүмкіндік берсе, мен жүрегімді сол жерде қалдырып, менің қолымды көтерер еді, менің мінезімді ешкім ала алмайды»
Рауан Бекболат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.