logo

Дмитрий Панарин Астанада өтіп жатқан бадминтоннан халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты

Дмитрий Панарин Астанада өтіп жатқан бадминтоннан халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты

Бұл күндері Астана қаласы бадминтоннан ірі халықаралық турнирді қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин 1/8 финалға жолдама алды.

1/16 финалда отандасымыз Үндістан өкілі Арья Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңді.

Келесі кездесуін Панарин 19 желтоқсанда өткізеді. Ширек финалға шығу үшін ол Иран спортшысы Нима Ростампурлагалданимен кортқа шығады.



Күн шежіресі