logo

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Панариннің жеңісіне пікір білдірді

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Панариннің жеңісіне пікір білдірді

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Асқар Орманов Замбияда өткен халықаралық турнирде Дмитрий Панариннің жеңісін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sport+.

«Бұл өте маңызды жеңіс. Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт жоғалтып алдық, сондықтан Дима әлемдік рейтингте төмендей бастады. Әрине, аздап ғана. Бірақ позициялардың төмендегені анық. Ол екі турнирді жоғары деңгейде өткізді. Солардың бірінде бірінші орын алды. Осы жарыстың алдында ол Гран-при сериясының кезеңінде өнер көрсетті. Сол турнирде Панариннің жинаған ұпайларлары, рейтингте қайтадан жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді. Біз оны осы деңгейде ұстап тұруды жоспарлап отырмыз, болашақта бізге әлдеқайда жеңілірек болуы үшін. Жаңа олимпиадалық циклде ол өз жолын қайталап қана қоймай, көрсеткіштерін жақсартып, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенеміз. Замбиядан кейін Дима алдағы турнирге қатысу үшін Бахрейнге кетті», — деді маман.