logo

Дмитрий Карпов: Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсету

Дмитрий Карпов: Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсету

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий  Карпов спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы туралы Olympic.kz сайтына қысқаша баяндады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Жазғы ойындар алдындағы соңғы жаттығу жиынын қазақстандық атлеттер Алматы облысында өткізіп жатыр. Олимпиадалық даярлау орталығының базасында толыққанды жаттығуға барлық жағдай жасалған. 

Спотшылармен бірге жаттықтырушылар, физиотерапевт пен дәрігер де жиынға қатысуда. Сондай-ақ, атлеттер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жаттығу әр бапкердің жеке жоспары бойынша ұйымдастырылуда.

Біздің команда Парижге 29 шілде күні Алматыдан ұшып кетеді. Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына шығуға және жүлде алуға ұмтылу», - деді Карпов.

Айта кетелік, 2024 жылғы Париж  Олимпиадасына жеті қазақстандық жеңіл атлет жолдама алды. 



Күн шежіресі