Дмитрий Баландин: Жүзу мен үшін ауыр жұмысқа айналды
Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Sport+Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатта қазіргі уақытта немен айналысып жүргенін айтты:
«Қазақстан спортының игілігі үшін жұмысты жалғастырудамын. Қазіргі уақытта жүзуден Қазақстан құрамасының кеңесші бапкерімін. Спорттың дамуына үлес қосып, өз тәжірибеммен жастармен бөлісіп жүрмін»
Сонымен қатар, Дмитрий өз мансабын аяқтауына не себеп болғанын да сөз етті:
«Шыны керек, жүзу ауыр жұмысқа айналды. Маған күш қуат беретін сүйікті хоббиім, енді шаршататын іс болды. Бұдан былай спортшы ретінде жалғастыра алмадым. Бапкерім қиналып жүріп жетістікке жете алмайтынымызды айтатын. Алдыма қойған мақсаттың бәріне жеттім, сол үшін осы жерден тоқтайын деп шештім»