Қазақстандық жүзуші әлем чемпионатында ел рекордын орнатты

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан қысқа суда жүзуден әлем чемпионатында еліміздің жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Sport+
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Мусин баттерфляймен 100 метр қашықтықтағы ұлттық рекордты жаңартып, 50,55 секунд нәтижесімен аяқтады.