Дінмұхамед Қашкен енді «Хан Тәңірі» сапында
Бірінші Лига қатысушысы Алматының «Хан Тәңірі» клубы қос жаңа ойыншысын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Клубпен келісім-шартқа 24-жасар қорғаушы Дінмұхамед Қашкен қол қойған. Ол өзінің мансабын «Астана М» құрамында бастаған. Елордалық командамен 2020 жылы Қазақстан Суперкубогының иегері атанған, 2022 жылы «Жальгириса» құрамында Латвияның чемпионаты мен Кубогында жеңіске жеткен.
Қашкен «Жетісу Б», «Қайсар», «Ақтөбе» және «Шахтер» командаларында, Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған.
Сонымен қатар, тәжірибелі голкипер Андрей Пасеченко да енді «Хан Тәңірі» клубында.
Андрей футболдағы жолын Алматыдағы «ЦСКА» мектеп-интернатында бастаған, ол «Қайрат», «Сұңқар», «Ертіс», «Атырау», «Жетісу», «Тобыл», «Қыран» және «Тұран» командаларының қақпашысы болған.