logo

Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жекпе-жегіне салмақ өлшеуден сәтті өтті

Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жекпе-жегіне салмақ өлшеуден сәтті өтті

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жекпе-жегіне салмақ өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.

Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінің ресми салмақ өлшеу рәсімінде Нұрғожай 92,98 келіні көрсетті. Оның қарсыласы Уран Сатыбалдыев 92,53 келі тартты. Екі спортшы да жартылай ауыр салмақ лимитіне сыйды.

Нұрғожай мен Сатыбалдыев арасындағы кездесу ертең, 23 тамыз күні өтетін турнирді ашатын жекпе-жек болмақ. Бәсеке сағат 12:00-де басталады.