Дэвид Немировски: Егер ұлттық құрамамен жұмыс істеуді ұсынса, мен қуана келісемін
«Барыс» бас бапкері Дэвид Немировски Қазақстан құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Біз ұлттық құрамамен жұмыс туралы сөйлестік, бірақ Олег Болякин дұрыс таңдау болды, ол қазақстандық хоккейшілерді жақсы біледі. Әрі қарай көреміз. Қазір мен «Барысты» дайындап жатырмын, ал кейін не болатынын көреміз. Егер маған ұлттық құраманы басқару ұсынылса, мен қуана келісемін, құрамамен жұмыс істегім келеді».
Олег Болякиннің басшылығындағы Қазақстан құрамасы Милан Олимпиадасына жолдама ала алмай, шешуші матчта Словакия құрамасына жол берген болатын.