logo

Дэвид Немировски Астанаға келді

Дэвид Немировски Астанаға келді

«Барыстың» бас бапкері Дэвид Немировски Астанаға келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әуежайда түскен суретті клубтың баспасөз қызметі жариялады. Бапкермен бірге көмекшілері Макс Маркович пен Стив МакГичи де келген.

Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында «Барыс» бір маусымға Дэвид Немировскимен келісім шартқа отырғанын хабарлады. Клубтағы қызметпен қатар Немировски Қазақстан ұлттық құрамасының да бас бапкері қызметін атқарады.