logo

Денис Никиша Олимпиадада 7-орын алып, жеке рекордын жаңартты

Денис Никиша Олимпиадада 7-орын алып, жеке рекордын жаңартты

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-орынға ие болды.

B финалында (жұбаныш финал) спортшымыз 41,948 секунд көрсеткішін тіркеп, халықаралық деңгейде өзінің жаңа жеке рекордын орнатты.

Шешуші жарыста ол Олимпиада чемпионы Шаоан Люге (Қытай) ғана жол беріп, мәреге екінші болып келді. Бұл Дениске жалпы есепте 7-орынға тұрақтау мүмкіндігін берді.

Бұл ойындар Никишаның мансабындағы төртінші Олимпиадасы. Естеріңізге сала кетсек, Бейжің-2022 ойындарында отандасымыз 8-орын иеленген болатын.



Күн шежіресі