logo

Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады

Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев шорт-тректен 500 метр қашықтықтағы Олимпиада жарысын ширек финал кезеңінде аяқтады.

Өз тобында ол мәреге бесінші болып жетіп, келесі айналымға өте алмады. Бұл кезеңге тек алғашқы екі спортшы ғана жолдама алды.

Әжіғалиев үшін бұл мансабындағы төртінші Олимпиада. Бұған дейінгі Бейжің Олимпиадасында ол жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орын алған болатын.