logo

Демеу Жадыраев: Токиодағы сәтсіз Олимпиададан кейін менде депрессия болды

Демеу Жадыраев: Токиодағы сәтсіз Олимпиададан кейін менде депрессия болды

Грек-рим күресінен Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Парижде өзінің өнер көрсетуі, әлеуметтік желілерді жарған биі туралы айтып берді.

Парижде Жадыраев 77 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алып, финалда жапондық балуан Нао Кусакеден жеңіліп қалды.

«Париждегі Олимпиадада менде қиын қарсыластар болды — Ақжол Махмудов, Санан Сүлейманов өткен жылғы әлем чемпионатының финалистері. Мен қарсыластарымды зерттедім, бұрын олардан төмен болдым. Токиодағы сәтсіз Олимпиададан кейін менде депрессия болды. Бірақ мен жаттығуды жалғастырып, психологиялық тұрғыдан күштірек болдым», — деді Жадыраев. 

Эйфель мұнарасының алдындағы алаңда марапаттау кезінде Жадыраев әлеуметтік желілерде вирусқа айналған ерекше биді орындады. Қазақстанға оралғаннан кейін спортшы өз нәтижесінің құрметіне биді қайталады.

«Барлығы бұл би дейді, бірақ бұл би емес», — деп түсіндірді Жадыраев. — Менде осындай арнайы дене қызыдыратун жаттығу бар. Оны менің жаттықтырушым жас кезімде көрсетті, оның барлық шәкірттері бұл жаттығуды жасайды. Мен көпшілік алдында билемеймін, өйткені мен ұялшақпын. Бұл дене қыздыруды бұрын да жасаудан ұялатынмын, бірақ бұл мен үшін ең алдымен маңызды жаттығу екенін түсіндім». 

Жадыраев спорттық мансапты жалғастыру не жалғастырмау туралы әлі нақты ойлаған жоқ. Ол қазір демалғысы келеді, содан кейін ғана шешім қабылдайды.

Демеу Жадыраевпен толық сұхбатты Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және арнаның YouTube-арнасынан 15 тамызда Астана уақыты бойынша 13:10 және 23:00–де тамашалауға болады.