logo

Дәурен Ермеков АСА ұйымымен келісімшартқа қол қойды

Дәурен Ермеков АСА ұйымымен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық орта салмақтағы файтер Дәурен Ермеков ресейлік АСА лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін Дәуренге лиганың Гран-при турниріне қатысу үшін келісімшарт ұсынылған, алайда тараптар келісімшарттың ұзақтығы бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

Қазақ спортшысының дебюті АСА лигасының Қазақстанда өтетін турнирінде, үлкен ықтималдықпен, қыркүйек айында өтеді.