Дәулет Үсербай Ефимовтан нокаутпен жеңілді (видео)

NAIZA 72 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде қазақстандық жауынгер Дәулет Үсербай ресейлік Андрей Ефимовқа қарсыласып, техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Жекпе-жектен кейін NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Ефимовтың келесі жекпе-жегі Мухаммед Хейбатиға қарсы болатындығын жариялады. Бұл кездесуде олар лиганың ең танымал жауынгерінің белбеуі үшін айқасады.