logo

Даниил Донченко: Бұл кездесуге чемпион статусында шықсам да, өз санамда жеңіске құштарлығы тасып тұрған үміткермін

Даниил Донченко: Бұл кездесуге чемпион статусында шықсам да, өз санамда жеңіске құштарлығы тасып тұрған үміткермін

Жеңіл салмақтағы NAIZA чемпионы Даниил Донченко 23 қараша күні қазақстандық Рүстем Құдайбергеновпен жекпе жекте титулын қорғайды. Sport+ тілшісіне сұхбатта 23-жасар спортшы алдағы кездесу және қарсыласы жайында айтты. 

 Дайындықты толықтай Тайландтағы Tiger Muay Thai орталығында өткіздім. Әр жаттығу жиыны сайын жағдайым жақсарып келеді. Сондықтан, бұл жекпе жекке бұрынғыдан да жақсы спорттық қалыпта шығамын. Әр лагерь сайын жаңа дүние үйреніп, кәсіби тұрғыда шыңдалып келеміз. Қазір кез келген қарсыласпен күш байқасуға дайынмын. Бұл кездесуге чемпион статусында шықсам да, өз санамда жеңіске құштарлығы тасып тұрған үміткермін. 

Менде штаб, геймжоспар бар, дегенмен біз өзгерістер болып жатса да, соңына дейін төбелесуге дайынмын. Рүстемнің жекпе жектерін қарап шықтым, оның мықты және осыл тұстары да бар. Дегенмен, ең мықты тұсы деп оң қолын атап өтер едім. Жоқын соққысы бар жақсы спортшы, бірақ мен өз мансабымда небір қарсыластармен кездестім, бұл жолы мен үшін жаңалық болады деп ойламаймын.