logo

Дамир Исмағұлов UFC-дің бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді

Дамир Исмағұлов UFC-дің бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді

Астанада өтетін «Alash Pride» турнирінде Дамир Исмагұлов UFC-дің бұрынғы файтері, бразилиялық Аллан Сильвамен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Бразилиялық спортшының әлемдегі ең мықты лигада 10 жекпе-жегі бар.

«Бүгін мен Alash Pride-пен келісімшартқа қол қойдым. Дамир, мен сенің еліңе бара жатырмын, сені сол жерде өлтіремін», — деп мәлімдеді Аллан Исмагұловқа жасаған үндеуінде.

«Бұл ойында деңгейлер бар. 27 мамырда мен саған соны көрсетемін», — деп жауап берді Дамир әлеуметтік желідегі парақшасында.

Турнир 27 мамырда өтеді. Бүкіл шараны Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі