logo

Недовесов Брисбендегі турнирде ойынын аяқтады

Недовесов Брисбендегі турнирде ойынын аяқтады

Брисбенде ATP-250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сайыста 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен дуэтте Брисбен халықаралық турнирінің 1/4 финалында бірінші орын алған германиялық Кравиц/Пуецтен 3:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Эскобармен бірге Аustralian Open-да да өнер көрсетеді.