logo

Бразилиялық файтер атағынан айырылды

Бразилиялық файтер атағынан айырылды

Бразилиялық Вандерлей Да Силва Alash Pride титулынан айырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

 «Вандерлей Да Силва Alash Pride уақытша чемпионы титулынан айырылды. Өйткені ең жеңіл салмақтың нағыз чемпионына қарсы міндетті жекпе жектен бас тартты», – деп жазды ұйымның баспасөз-қызметі.

Вандерлей Да Силва кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Бүгінгі күні оның рекорды 13-5. FNG, SFT, MMA SERIES сынды промоушндардың турниріне қатысқан. Соңғы жекпе жегін 31 қаңтар күні Руслан Сариевпен күш байқасып, жеңіске жеткен.



Күн шежіресі