logo

Бокстан Қазақстан командасы Парижде жаттығуды бастады

Бокстан Қазақстан командасы Парижде жаттығуды бастады

Бокстан Қазақстан командасы 2024 жылғы Париждегі Олимпиадаға дайындық аясындағы соңғы жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Боксшылар олимпиада рингіндегі жекпе-жектерге дайындалуда. 25 шілде күні жеребе тарту рәсімі өтеді, осыдан кейін алғашқы қарсыластары белгілі болады.

Ерлер командасы Олимпиадада толық құрамда өнер көрсетеді. Ойындарға Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) қатысады.

Әйелдер арасында медаль үшін Назым Қызайбай (50 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) және Валентина Хальзова (75 келіге дейін) бақ сынайды.