logo

«Еркек» деп сыналған боксшымен жұдырықтасқан өзбекстандық қызға пәтер сыйға тартылды

«Еркек» деп сыналған боксшымен жұдырықтасқан өзбекстандық қызға пәтер сыйға тартылды

Олимпиаданың 1/8 финалында гендерлік дау туындаған Тайвань боксшысы Линь Юй-Тинге қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған өзбек қызы Ситора Тұрдыбековаға өз елінде бір бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 57 келіге дейінгі салмақта бірінші жекпе-жегін конголық боксшыға қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Одан кейін 1/8 финалда екі дүркін әлем чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Юй-Тинмен жұдырықтасты. Одан 5:0 есебімен жеңіліп, Олимпиадаға қатысуын аяқтады.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов тамыздың 13-і күні Олимпиада құрамасын ресми қарсы алу кезінде Ситора Тұрдыбекова мен Линь Юй-Тин арасындағы бокс кеші туралы да айтып өтті.

«Кейбір спортшыларымыз түрлі себептермен жүлдегер атана алмады. Бұған төрешіліктегі әділетсіздіктер және басқа да себептер түрткі болды.

Бұл жолғы ойындардың ең сорақысы, менің ойымша, барлық адамдарға ұнамаған тұсы – бұл ерлердің рингке «әйел» болып шығуы», - деді Өзбекстан үкіметінің басшысы.

Айта кетейік, Линь Юй-Тин финалда польшалық Юлия Сереметаны жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.



Күн шежіресі