logo

Бокс: Айбек пен Назым жеңді, Асланбек жарыс жолынан шықты

Бокс: Айбек пен Назым жеңді, Асланбек жарыс жолынан шықты

Парижде бокстан екінші жарыс күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
92 келіде Айбек Оралбай нигериялық қарсыласын жеңіп, Қазақстан командасынан алғаш болып ширек финалға өтті. Айбектің келесі қарсыласы - Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзірбайжан).
Әйелдер арасында алғаш боп сынға түскен Назым Қызайбай бірінші жекпе-жекте италиялық Джордана Соррентиномен жұдырықтасып, алғашқы раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін басымдықты арттырып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі айналымда Назым бразилиялық Каролин Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды. 71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді. Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті. Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.