Боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.