Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы Азия чемпионатын екі жеңіліспен бастады
Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасынан рингке екі спортшы шықты.
51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева Азия чемпионатын Кум Бьель Ан (Солтүстік Корея) қарсы жекпе-жекпен бастады. Біздің спортшы үшінші раундта жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қарсыласына берді.
Сондай-ақ 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова да жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы Прити (Үндістан) қарсыласынан жеңілді.