logo

Бокстан Азия чемпионаты: Дина Исламбекова алтын медаль үшін бақ сынайды

Бокстан Азия чемпионаты: Дина Исламбекова алтын медаль үшін бақ сынайды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақтың финалында шаршы алаңға шығады.

Дина жартылай финалда төрешілердің шешімімен өзбекстандық Олтиной Сотимбоевадан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) және Надежда Рябец (80 келіге дейін) финалға шыққан болатын.



Күн шежіресі