Биатлоннан Әлем кубогының қорытынды кезеңі: әйелдер спринтінде Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді?
Бүгін, 19 наурызда Осло қаласында (Норвегия) биатлоннан Әлем кубогының қорытынды кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық турнир аясында өтетін алғашқы жарыс — әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт болмақ.
Қазақстан атынан жарыс жолына үш спортшы шығады. Бұл сайыста ел намысын Лаура Киныбаева, Милана Генева және Айша Ракишева қорғайды.
Жарыс Астана уақытымен 20:15–те басталады.