logo

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды

8 қаңтарда Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде спринт сайысы өтеді.

Ерлер арасында Қазақстан атынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Әсет Дүйсенов жарыс жолына шығады. Басталуы — Астана уақытымен 15:30.

Ал әйелдер арасында Дарья Климина, Айша Ракишева және Полина Егорова сынға түседі. Әйелдер спринті Астана уақытымен 18:15–те басталады.



Күн шежіресі