logo

Белал Мухаммад: Шавкатты бұрын-соңды көрмеген қысымға мәжбүр етемін

Белал Мухаммад: Шавкатты бұрын-соңды көрмеген қысымға мәжбүр етемін

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, америкалық файтер Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен өтетін титулдық жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Шавкат жеңілмеген және мықты жігіт болуы мүмкін, бірақ мен оның ойынындағы әлсіз тұстарын көріп тұрмын. Дәл осылай мен Леон Эдвардстың да кемшіліктерін байқадым. Алайда, Леон – техникалық тұрғыдан анағұрлым мықты соққыш. Бірақ Шавкаттың менталитеті одан да күшті. Көптеген қарсыластары одан қорыққандықтан жеңілді. Бірақ мен олардың қатарында емеспін. Біз кездескенде нәтиже белгілі болады: мен тағы бір мықтыны сындырамын. Оны бұрын-соңды сезінбеген қысым мен қарқынға мәжбүрлеймін…», – деді Мухаммад Barstool Chicago басылымына берген сұхбатында.

Жекпе-жек UFC 315 турнирінде мамыр айында өтеді деп болжануда. Бұл кездесуде Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін Белал Мухаммадқа қарсы тұруы мүмкін.