logo

Бекзат Жасияның жаңа жекпе-жегі білгілі болды

Бекзат Жасияның жаңа жекпе-жегі білгілі болды

«Alash Pride» лигасының уақытша чемпионы атағының иегері Бекзат Жасия шілде айындағы турнирге қатысуы керек еді, алайда ауруына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+.

Жасия келесі «Alash Pride» турнирінде, Шымкентте өтетін жарыста жаңа жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы — Қырғызстаннан келген, Ресейдің Open FC лигасының спортшысы Нұржігіт Раимбаев болмақ.

Турнир 29 тамыз күні өтеді және Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі