Бекзат Жасия кәсіби рингтегі сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетті (видео)

Шымкентте өткен «Alash Pride» 111 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша чемпион атағының иегері Бекзат Жасия өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы қырғызстандық жауынгер Нұржігіт Раимбаев болды.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен Бекзат Жасия жеңіске жетті.
Жасияның жаңа кәсіби рекорды — 8 жеңіс, 1 жеңіліс.