logo

Бекзат Орынбасаров: Данияр Елеусінов ағамыздың шапанымен жекпе-жекке шыққым келеді

Бекзат Орынбасаров: Данияр Елеусінов ағамыздың шапанымен жекпе-жекке шыққым келеді

Әлем Кубогінің жеңімпазы, киокушинкай-кан шебері Бекзат Орынбасаровты көпшілік жиі боксшы Данияр Елеусіновке ұқсатып жатады. Спортшы бұл пікірге қалай қарайтынын Sport+ арнасының студиясында айтты.

«Күніне бір адам міндетті түрде айтады (күліп). Қайда жүрсем де, таксиге мінсем де ұқсатып жатады. Өзім де білем ұқсайтынымды, көріп жүрмін. Тіпті осыған қатысты бір арманым пайда болды. Желтоқсан айында чемпиондық белбеуге күресемін. Кішкентайымнан еліміздің көк туын желбіреткен, қазақтың атын әлемге танытқан Данияр ағамызға еліктеп өскеннен кейін, сол кісінің шапанымен жекпе-жекке шыққым келеді. Сол кісіні қонақ қылып шақырсақ, келе алса, мен үшін бұл үлкен мәртебе болар еді», — деді Орынбасаров.

Толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.



Күн шежіресі