Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан канадалық қарсылас Котонамен UFC 315 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ Алмаханның нокаутпен жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс Бекзат үшін UFC-дегі алғашқысы болды. Аталмыш промоушндегі дебютінде ол Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен жол берген еді.