logo

Бекжан Төлепов: Толыққанды дайындыққа жағдай жасалды

Бекжан Төлепов: Толыққанды дайындыққа жағдай жасалды

Бекжан Төлепов қазақ күресінен 55 келіде жеңімпаз атанып, ақтық жекпе жектен кейін Sport Plus Qazaqstan сайтына пікірін білдірді:

Достарым, отбасым келіп қолдау көрсетті. Шыны керек, маған осы қолдау қатты әсер етті.

Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Қырғызстан және Гүржістанда, әртүрлі аймақтарда оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бұл — біз үшін таптырмас тәжірибе болды. Осы жағдайдың бәрін бізге жасап бергені үшін алғысым шексіз.

Еншімде әлем чемпионы атағы бар, бірақ биыл қарашада өтетін әлем чемпионатын тағы жеңуге ниеттімін, — деді Төлепов.



Күн шежіресі