Әлімжан Бектаев: Дамир Исмағұлов пен Мартинс арасындағы жекпе-жекті халық күтіп отыр, оны желтоқсанда ұйымдастырамыз

«Alash Pride» лигасының басшысы Әлімжан Бектаев Ақтөбе қаласында өткен турнирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасының сұрақтарына жауап берді.
Бектаев Дамир Исмағұлов пен оның алдын ала жоспарланған қарсыласы Адриана Мартинспен жекпе-жек неге өтпегені туралы айтты.
«Исмағұловтың алғашқы қарсыласы Адриано Мартинс атануы тиіс еді. Алайда жарысқа бір апта қалғанда ол жарақат алып қалды, сол себепті кардта қарсылас ауысты. Бірақ Мартинстің біздің лигамен үш жекпе-жекке келісімшарты бар, сол себепті Исмагулов пен Мартинс арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өтуі мүмкін. Бұл текетірісті халық күтіп отыр».
Алдын ала жоспарланған тағы екі жекпе-жек өтпей қалды. Бұған себеп спортшылардың салмақ жасай алмауы.
«Руслан Сариев пен Ильямин Джаватов арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, себебі Сариев салмақ жасай алмады. Бұған не себеп болғанын айту қиын, Руслан қалай дайындық жасағанын білмейміз, бірақ түсіністікпен қараймыз. Ондай болып тұрады. Негізі жауынгерлер төбелесуден бұрын салмақ жасау қиын деп айтаты. Сариевті жергілікті, ақтөбелік жауынгер Георгий Майсурадзе алмастырады. Майсурадзе мен Джаватов арасындағы жекпе-жек өте қызық болады, себебі екеуіде боксшы», - деді Ә. Бектаев.