Бейбіт Жұқаев АҚШ турниріндегі қарсыластарын білді
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев американдық Финикс қаласындағы жұптық турнирдегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
1/8 финалда қазақстандық теннисші Оңтүстік Кореядан келген Сон Чан Хонмен бірге жергілікті ойыншылар Митчелл Крюгер мен Денис Кудламен кездеседі. Матч 13 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де өтеді.
Айта кетейік, Жұқаев сондай-ақ бұл турнирдің жеке дара сынында да өнер көрсеткен. Квалификацияның жартылай финалында Бейбіт чех Вит Корпиведен (116) 7:6 (7:4), 3:6, 0:5 есебімен жеңілді.