Бас бапкер Назым Қызайбайдың нәтижесі жайында
Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Kazinform тілшісіне берген сұхбатта Назым Қызайбайдың нәтижесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Назым Олимпиада ойындары барысында төрт бірдей жекпе-жек өткізді. Алғашқыларының барлығын таза, сенімді түрде ұтты. Тек жартылай финалда сүріндік. Бірақ, мен Назымға ешқандай өкпем жоқ. Ол барлық тапсырманы орындады. Қолаға қол жеткізді. Жүлделі орынға жетті. Парижге тегін келмегенін дәлелдеді. Назымның қола жүлдесі мен үшін алтынмен бірдей».