«Барыстың» тағы бір трансфері жарияланды

Хоккей клубы «Сарыарка» ресми әлеуметтік желілерінде Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Владимир Волковтың «Барыс» командасына ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Владимир Волков Астана командасында сынақ шартымен болған, ал қазір оның ауысуы Қарағанды клубы тарапынан ресми түрде расталды.
Айта кету керек, шабуылшы маусым алдында ғана «Арланнан» «Сарыаркаға» ауысып келген еді.