logo

«Барыстың» маусымға дайындық жоспары белгілі болды

«Барыстың» маусымға дайындық жоспары белгілі болды

Елордалық «Барыс» Президент Кубогынан кейін Омскіге аттанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

20-25 тамыз аралығында Омскідегі «G-Drive Аренада» Блинов Кубогының XXX мерейтойлық турнирі өтеді. Турнирге «Авангард» (қожайындар), «Барыс» (қазіргі кубок иегері), «Локомотив» Ярославль, «Сибирь» (Новосибирск) және «Трактор» (Челябинск) қатысады.

«Барыс» ойындарының кестесі:

21.08 «Авангард» – «Барыс»

22.08 «Барыс» – «Сибирь»

24.08 «Трактор» – «Барыс»

25.08 «Барыс» – «Локомотив».