logo

«Барыстың» капитаны Роман Старченко рекорд орнатты

«Барыстың» капитаны Роман Старченко рекорд орнатты

Елордалық «Барыстың» капитаны Роман Старченко бір команда сапында 780 ойын өткізіп, Құрлықтық хоккей лигасындағы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазірге дейін аталған рекорд Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасында 779 кездесуде ойнаған Евгений Бирюковтің еншісінде болатын.

Өскемен хоккей мектебінде тәлім алған 37 жастағы Роман 2003 жылдан бері Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо», елордалық «Барыс» командаларында ойнаса, 2022-2023 жылдарда Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубының намысын қорғады.

Биылғы маусымда Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 39 кездесуде өзінің есебіне 19 ұпай жазды. Қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, он бес нәтижелі пас берді.