«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардтан» кетті
«Авангард» қорғаушы Даррен Дицпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Sport +.
31 жастағы ойыншымен келісімшарт екі жақтың келісімімен бұзылды.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Омбы клубына осы жазда ЦСКА-дан ауысты. Осы маусымда хоккейші 18 кездесу өткізіп, 4 (1+3) ұпай жинады.