«Барыс» «Трактормен» болатын ойында былтырғы көшбасшыларсыз шығады

2025/2026 жылғы КХЛ тұрақты чемпионатының бірінші матчында «Барыс» өткен маусымның финалисты «Трактормен» кездеседі, деп хабарлайды Sport+.
«Барыс» маусым алдындағы даярлық бағдарламасын екі үйдегі жеңіспен аяқтады — «Сибирьге» қарсы (3:1 және 3:2). Жазғы матчтарда командаға жаңадан қосылған Майкл Веккьоне, Джейк Масси, Мэйсон Морелли және Эмиль Галимов гол соқты.
Чемпионат басталғанда астаналықтардың бапкерлік штабы өткен жылғы команда көшбасшылары — Никита Бояркин, Иван Николишин, Роман Старченко және Тамирлан Гайтамировқа сенім артпайды, өйткені олар жарақат тізімінде тұр.
Ойын 16:30–да басталады.