logo

«Барыс» тағы да «Ақ Барсқа» есе жіберді

«Барыс» тағы да «Ақ Барсқа» есе жіберді

Өз алаңындағы төртінші кездесуінде «Барыс» «Ақ Барсты» қабылдады. Астаналық команданың бапкерлік штабы құрамда тек бір өзгеріс жасады — ойынды алғашқы минуттардан Андрей Шутов бастады, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубқа сілтеме жасап.

Тоғызыншы минуттың соңында есепті қонақтар ашты — Александр Барабанов Григорий Денисенконы пас шығарып, ол жақын қашықтықтан мүлт кеткен жоқ. Біраз уақыттан кейін Михаил Фисенко аз құрамда гол соғуға себепкер болды. «Барыс» бұған Всеволод Логвиннің жеке шеберлікпен жасаған нәтижелі шабуылымен жауап берді.

Екінші кезеңде «Барыс» басымдыққа ие болып, қарсыластарды ереже бұзуға мәжбүрледі. Алайда бұл кезеңде астаналықтар Тимур Биляловтың қақпасын бұза алмады. Дмитрий Бреус пен Майкл Веккьоне жасаған соққыларда қонақтарды қақпа бағанасы құтқарып қалды. Соңғы кезеңде Кирилл Панюков таблодағы есепті теңестірді. Одан кейін матч буллиттер сериясына ұласты, бұл сәтте қақпаға Адам Шил шықты. Бұл компонентте казандықтар сәттірек ойнады.

24 қазан күні Михаил Кравецтің шәкірттері өз алаңында «Амурды» қабылдайды.