«Барыс» тағы бір ҰХЛ-да ойнаған хоккейшіні өз қатарына қосады
Американдық шабуылшы Чейз Де Лео «Барыс» клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қояды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Соңғы екі маусымда 28 жастағы хоккейші АХЛ-да «Анахаймның» фарм-клубында ойнады. 2023/24 маусымында Леоның еншісінде «Сан-Диего Гуллз» командасында өткізген 52 матчта 48 (15+33) ұпай болды.
Бұған дейін шабуылшы ҰХЛ-да «Виннипег», «Анахайм» және «Нью-Джерси» командаларында ойнаған. Жалпы, ол лигада 7 ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.