logo

«Барыс» тағы бір америкалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Барыс» тағы бір америкалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Барыс» шабуылшы Мэйсон Морреллимен бір жақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырына дейін.

Бұл шабуылшының Солтүстік Америкадан тыс жерлерде өнер көрсетуі бойынша алғашқы тәжірибесі болады. 2023 жылы Моррелли «Херши Беарс» құрамында Колдер кубогын жеңіп алды. Соңғы екі маусымды ол «Вегас» жүйесінде өткізді.

Өткен маусымда Мэйсон Ұлттық хоккей лигасында бір ойынға шықты және АХЛ-дегі «Хендерсон Сильвер Найтс» командасында 48 матчта 19 (13+6) ұпай жинады.