logo

«Барыс» «Сібір» командасын тізе бүктірді

«Барыс» «Сібір» командасын тізе бүктірді

Жолдастық матчтың алғашқы кездесуінде «Барыс» «Сібір» командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Астаналық клубтың бапкерлер штабы ойында Солтүстік Америкадан келген барлық жаңа шабуылшыларды сынап көріп, шабуыл шептерінде айтарлықтай өзгерістер жасады. Қақпаны Андрей Шутов күзетті.

Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелерінің қақпашысы басты кейіпкерге айналды. Қазақстандық команданың 43-нөмірлі ойыншысы бірнеше әсерлі сейв жасап, бірінші үзіліске дейін есепті аштырмады. Бір сәтте Илья Люзенковтың соққысынан кейін Шутовқа қақпа бағанасы көмектесті.

Есеп екінші кезеңнің басында ашылды — Кирилл Савицкий көпшілікті тиімді пайдаланып, шайба соқты. Араға небәрі 42 секунд салып, жаңа командасының сапындағы алғашқы шайбасын Джейк Масси енгізді. Бұған «Сібір» Скотт Уилсонның шайбасымен жауап берді — ол іс жүзінде көпшілікте гол соқты, өйткені алаң иелерінің ойыншысы айып алаңынан енді ғана шыққан еді.

Кездесудің нүктесін Алихан Асетов қойды — ол Антон Красоткинмен бетпе-бет шығып, әдемі голмен кездесуді түйіндеді. Екінші матч 2 қыркүйекте өтеді. Басталуы — 18:00–де.