logo

«Барыс» «Северсталь» командасына жол берді

«Барыс»  «Северсталь» командасына жол берді

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қарсыластар қатарынан Александр Скоренов 9-минутта есеп ашса, 26-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Ал «Барыс» сапынан Әлихан Әсетов 38-минутта өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Никита Коростелёв 45, Кирилл Пилипенко 48-минутта екі гол соқса, оған Антон Бурдасов 49, 56-минутта мергендік танытты. Ойынның 59-минутында «Северсталь» сапынан Александр Скоренов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді. Салдарынан жетінші кездесуде қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты. Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 17-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі төрт ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді. Алдымен 8 желтоқсанда СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 17 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу), 19 желтоқсанда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 21 желтоқсанда «Трактор» (Челябі) клубтарымен күш байқасады.