logo

«Барыс» Ресейде «Метталургке» жол берді

«Барыс» Ресейде «Метталургке» жол берді

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 26 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Метталург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында реесйлік клубтан Данил Вовченко 18, Робин Пресс 31, Борис Осипович 33, Люк Джонсон 42-минутта мергендік танытты.

Оған қазақстандық клубтан Семён Симонов 57-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Екі команда бұған дейін 75 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Северсталь» 76 ұпаймен 7-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 ақпанда «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 2 наурызда «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.



Күн шежіресі